Риддер қаласы әкімінің орынбасары жаяу жүргіншіні қағып кетті

Хабар 24
ШҚО-да жол апатынан адам қайтыс болды.

Шығыс Қазақстанда өткен жексенбі күні кешкі сағат 9 шамасында жол-көлік оқиғасы болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Хабар 24.

«BMW Х5» автокөлігінің жүргізушісі Айдарханов көшесімен ілеспе бағыттағы жол жиегінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Өкінішке орай, 1999 жылғы азамат жедел жәрдем келмей тұрып, оқиға орнында қаза тапты. Ал шетелдік автокөлік жүргізушісі Риддер қаласы әкімінің орынбасары Құрманбаев Бауыржан болып шыққан.

Тексеру жұмыстары оның көлікті мас күйінде тізгіндегенін көрсеткен.

Қазір оқиға бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Ал жол-көлік оқиғасын тергеу ШҚО Ішкі істер департаменті бастығының бақылауына алынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды