Бақытжан Сағынтаев Экономика жөніндегі сараптама кеңесінің отырысын өткізді

primeminister.kz
Отырыс барысында Үшінші жаңғыру тұрғысынан ұлттық экономиканы дамыту мәселелері және әлемнің 30 озық дамыған елінің қатарына қосылу жөніндегі жалпыұлттық міндеттер талқыланды.

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Экономика жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Отырыс барысында Үшінші жаңғыру (Жаңғырту 3.0) тұрғысынан ұлттық экономиканы дамыту мәселелері және әлемнің 30 озық дамыған елінің қатарына қосылу жөніндегі жалпыұлттық міндеттер талқыланды.

Сараптама кеңесінде Экономикалық саясат саласындағы талдау орталығының сарапшысы Қ. Сәдуақасов, «Қазақстанның халық банкі» АҚ басқарма төрайымы Ү. Шаяхметова, «Сентранс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Е. Әбдіразақов, «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ бас директорының кеңесшісі Ж. Күлекеев, «Астана» халықаралық ғылыми кешені» орталығының басшысы А. Боранбаев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов, «Ракурс» экономикалық талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры О. Жандосов, «Oil Gas Project» ЖШС директоры Ж. Ахметов, «Қоғамдық мәселелерге талдау жасау орталығы» қоғамдық қорының директоры М. Махмұтова, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Досаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова және т.б. сөз сөйледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды