Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады

egemen.kz
Кей жерінде тұман, екпінді жел сақталады.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады. Оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Елдің оңтүстігінде найзағай болады, шаңды дауыл көтеріліп, күндіз бұршақ болуы ықтимал. Кей жерінде тұман, екпінді жел сақталады.

Оңтүстік Қазақстан, күндіз Алматы, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының кей жерінде найзағай жарқылдап, күндіз бұршақ болуы ықтимал, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл болады.

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, қатты жел соғып, найзағай жарқылдайды.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, желдін екпіні 23-28 м/с, кей жерінде тұман болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды