АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы Барбара Буш өмірден озды

Хабар 24
Үлкен Джордж Буштың әйелі Барбара Буш 93 жасқа қараған шағында өмірден озды.

АҚШ-тың бұрынғы президенті үлкен Джордж Буштың әйелі Барбара Буш 93 жасқа қараған шағында өмірден озды. Бұл туралы Associated Press хабарлады, деп жазады Хабар 24.

Бұдан бұрын Барбара Буш емнің жаңа түрлерін іздеуден бас тартып, қалған өмірін отбасының жанында өткізу туралы шешім қабылдағаны белгілі болған.

Үлкен Джордж Буш пен Барбара Буш 1945 жылы шаңырақ көтерген. АҚШ-тың бірінші ханымы кезінде Б.Буш тұрғындар арасында сауаттылықты арттыруға үлес қосып, Barbara Bush Foundation for Family Literacy қайырымдылық қорын құрған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды