Мөлдір Әуелбекова Алматыда басшылық қызметке тағайындалды

sn.kz
Желі қолданушылары әншінің жаңа қызметін құп көріп, құттықтауларын жаудырып жатыр.

Эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова Алматыдағы «Қазақконцерт» бірлестігінің эстрада бөліміне басшы болып тағайындалды. Сүйінші хабарды алғашқылардың бірі болып ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі Айдар Қырықбай жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz.

«Сүйінші! Халықаралық байқаулардың лауреаты, күміс көмей әнші Мөлдір Әуелбекова «Қазақконцерт» бірлестігіндегі эстрада бөлімінің бастығы болып тағайындалды. Мөлдір ханым, қызмет құтты болсын. Шығармашылық табыс тілеймін», – деп жазды Айдар Қырықбай өзінің Facebook-парақшасына.

Желі қолданушылары болса әншінің жаңа қызметін құп көріп, құттықтауларын жаудырып жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды