Риганың ортасында қазақстандық әйелдің денесі табылды

Baq.kz
Әйелдің денесі 8 сәуірде сағат 17.00-ге қарай дәретханадан табылған.

Қазақстандық әйел Риганың ортасында өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Вaq.kz Латвия Мемлекет полициясының сайтына сілтеме жасап.

Құқыққорғау қызметкерлерінің деректеріне сүйенсек, әйелдің денесі 8 сәуірде сағат 17.00-ге қарай дәретханадан табылған. Сарапшылардың бірінші қорытындысына қарағанда оны біреу буындырып тастаған. Күдікті ретінде онымен бірге тұрған ер адам астананың әуежайында ұсталды. Қазір ол уақытша қамау изоляторында отыр. Тергеу жүріп жатыр.

Латвия заңнамасына сәйкес, мұндай қылмысқа өмір бойы немесе 5 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.

Ал ҚР СІМ қайтыс болған әйелдің қазақстандық екенін растады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды