Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы Ресей елшісімен кездесті

primeminister.kz
Б. Сағынтаев Алексей Бородавкинді Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалуымен құттықтады.

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР-дағы РФ Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты және интеграциялық өзара іс-қимыл, өңіраралық және шекара бойындағы ынтымақтастық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы серіктестікті кеңейту мәселелері талқыланды.

Бақытжан Сағынтаев Алексей Бородавкинді Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалуымен құттықтап, жоғары және жауапты лауазымда табыстар мен жетістіктер тіледі және бұл тағайындаудың Қазақстан–Ресей ынтымақтастығын нығайтуға және дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды