Ақтөбеде КаМАЗ жүргізушісін біреулер атып кетті

Сурет: zakon.kz
КаМАЗ көлігінен 52 жастағы жүргізушінің мәйіті табылды.

Ақтөбе-Орынбор тасжолында 52 жастағы КаМАЗ көлігінің жүргізушісін белгісіз біреулер атып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«19 сәуір күні Ақтөбе-Орынбор тасжолының 35 шақырымында КаМАЗ көлігінен 52 жастағы жүргізушінің мәйіті табылды. Ол оқ жарақатынан көз жұмған. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабы бойынша іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тергеуге байланысты өзге ақпарат құпия ұсталады. Ал облыстағы тасжолдарда патрульдік қызмет күшейтілді. Құқық қорғау органдары жағдайды бақылауда ұстап отыр»,- деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жол бойында оқ ату дерегі Ақтөбеде бұрын да тіркелді. 6 сәуір күні Мәскеуден Қырғызстанға бағыт алған шағын автобусқа оқ атылып, жолаушының ақшасы мен алтын бұйымдарын тонап кеткен болатын. Жолаушы ауруханада ем қабылдап, еліне жіберілді. Ал тергеу жалғасып жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды