Астанада ер адамды кастрациялаған әйелге қатысты сот үкім шығарды

ҚазАқпарат
Сот әйелді бес жылға бас бостандығынан айырды.

Астана қаласының Есіл аудандық № 2 сотында ер адамды кастрациялау оқиғасы бойынша сотталушы әйелге үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сот сотталушы Н-ны ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігі 3 және 4-ші тармағы бойынша (кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамға қатысты, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепiлге алумен ұштасқан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) кінәлі деп тауып, бес жыл бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтейтін болды. ҚР ҚР 74-бабына сәйкес (жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдердің, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру) жазасын өтеу мерзімі 3 жылға шегерілді», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетсек, осы жылдың қаңтар айында 36 жастағы келіншек сүйіктісінің жыныстық мүшесін өткір затпен тілімдеп тастаған болатын. Кейінірек қансыраған ер адамды өз көлігімен ауруханаға алып барған.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Астана қаласы Есіл аудандық №2 сотының 2018 жылғы 24 қаңтардағы қаулысы ретінде сипатталған құжаттың фотосы таралды.

Кейін іс сотта қаралып, ер адамды кастрациялаған әйел 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені хабарланған еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды