Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде ер адамды қағып кетті

zakon.kz
Көлік жүргізушісі жылдамдықты асырған.

Алматыда 1 мамыр күні кешке ер адамды көлік қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Toyota Hilux автокөлігі Құлжа тас жолымен оңтүстік бағытта келе жатқан.

Рысқұлов даңғылының жоғарғы жағында көлік жүргізушісі жылдамдықты асырып, жаяу жүргіншілер өткелінде өтіп бара жатқан 25-30 жас шамасындағы ер адамды қағып кеткен.

Жәбірленуші 20 метрге дейін ұшып кеткен. Алған жарақатының салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

Жаяу жүргіншілер өткелінің қасында балабақша орналасқан, демек бұл жерде жылдамдыққа шектеу қойылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды