Мемлекеттік хатшы Өзбекстан елшісімен кездесті

Хабар 24
Кездесу барысында Г.Әбдіқалықова Қазақстанның ішкі саясатының басты бағыттары туралы айтты.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекеттік хатшы Қазақстан мен Өзбекстанды сан ғасырлық туыстық қарым-қатынас, ортақ мәдениет, шынайы достық пен өзара ынтымақтастық байланыстыратынын атап өтті.

Кездесу барысында Г.Әбдіқалықова Қазақстанның ішкі саясатының басты бағыттары туралы айтты. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен елімізде экономиканы, саясатты және қоғамдық сананы қамтитын жүйелі жаңғыру үдерісі жүруде.

– Жоғары деңгейдегі өзара сенімге негізделген әрі саяси сындарлы диалог стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетудің негізгі өзегі бола бермек, – деді Мемлекеттік хатшы.

Г.Әбдіқалықова Өзбекстанның Қазақстандағы жылы аясында азаматтар, сондай-ақ ғылым, мәдениет, білім беру мекемелері, шаруашылық жүргізуші субъектілер, кәсіпкерлік құрылымдары арасындағы байланыстарды кеңейтуге бағытталған ауқымды іс-шаралар жоспарланып отырғанын айтты.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сыртқы сауда айналымы қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді. Мәселен, 2017 жылы екіжақты сауда 31 пайызға өсіп, 2 миллиард АҚШ долларына жеткен. Биылғы 2 айда сауда айналымы 44 пайызға артып, 366 миллион долларды құрады.

Кездесу соңында Гүлшара Әбдіқалықова екі ел арасындағы дәстүрлі тату көршілік қарым-қатынасты нығайту ісінде Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі С.Ниязходжаевқа зор табыс тіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды