КХДР тұтқында болған америкалықтарды босатты

Baq.kz
Корей билігі мұны КХДР мен АҚШ басшыларының саммиті қарсаңында жасады.

АҚШ-тың Солтүстік Кореяда сотталған үш азаматы лагерден Пхеньяндағы қонақүйлердің біріне ауыстырылды. Олар шпиондық және «жаугерлік әрекеттері» үшін қамауға алынған, деп хабарлайды Вaq.kz.

Ренхап басылымының хабарлауынша, корей билігі мұны КХДР мен АҚШ басшыларының саммиті қарсаңында жасады. Екі ел президенттері мамырдың соңы немесе маусымның басында кездесуі мүмкін.

Бостандыққа шыққан үш адам да - кәріс ұлтынан шыққан америкалықтар. Оның ішінде Ким Дон Чхол 2005 жылы қамауға алынған. Ал Пхеньяндағы жоғары оқу орнында сабақ берген ұстаздар Тони Ким және Ким Хак Сон 2017 жылы тұтқындалған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды