Путинді ұлықтау рәсімі 7 мамырда өтеді

Baq.kz
Салтанатты рәсім бағдарламасын жақын арада үйлестіру жоспарланып отыр.

Ресей президенті Владимир Путинді салтанатты ұлықтау рәсімінде әдеттегідей Мәскеу ішінде кортежбен жүру болмауы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz.

Сонымен қатар, ұлықтаудың соңғы сценарийі әлі бекітілмегені аталып өтті. Салтанатты рәсім бағдарламасын жақын арада үйлестіру жоспарланып отыр.

Бұрынғы ұлықтау рәсімдерінде, Путин автокөлікпен Кремльге дейін Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі мотоциклшілердің құрметті эскортының сүйемелдеуімен жүретін.

Бұған дейін, 18 сәуірде РФ Президенті «Кортеж» жобасында автокөлікпен жүретіні туралы хабарланған болатын.

Жоба аясында жасақталған бірнеше лимузин, седан мен минивэндер Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметіне қауіпсіздік автокөлігі ретінде тапсырылған.

РФ президентінің ұлықтау рәсімі 7 мамырға жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды