Мәскеуде көз жұмған қыздың мәйітін елге әкелуге ҚР Сыртқы істер министрлігі көмектеседі

mfa.gov.kz
Бүгін оның қайтыс болғандығы белгілі болды.

ҚР Сыртқы істер министрлігі МГИМО-ның қайтыс болған 21 жастағы студентінің мәйітін Қазақстанға жеткізуге көмектеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Мәскеудегі біздің дипломаттарымыз таңертеңнен бері қыздың ата-анасының қасында болды, Қазіргі кезде олар мәйітті Қазақстанға жеткізу мәселелерін шешіп жатыр, және туыстарына барлық қажетті көмекті көрсетеді», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов.

«Мен сіздергеге нақты мәлімет бере алмаймын, тергеу жалғасуда. Аяқталған кезде біз қосымша ақпарат бере аламыз деп ойлаймын», - деді ол.

Еске салайық, бүгін оның қайтыс болғандығы белгілі болды. Қыз Астана уақытымен сағат 7.00-де көз жұмды.

Сәуір айында МГИМО ғимаратының төртінші қабатының терезесінен студент құлап кеткен соң тергеушілер қылмыстық іс қозғаған.

Құлағаннан кейін ол ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер қыздың жағдайын ауыр деп бағалады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды