Бас мүфти Сауд Арабия Корольдігінің Ислам істері бойынша министрімен кездесті

muftyat.kz
Бірқатар маңызды мәселелер бойынша пікір алмасқан тараптар кездесу соңында өзара естелік-сыйлақтармен алмасты.

Бүгін Риядта Сауд Арабия Корольдігінің Ислам істері бойынша министрі Шейх Салих бин Абдул Әзиз бин Мухаммед Әл-Шейх Қазақстанның Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз бастаған делегацияны қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Министр Корольдік пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың айрықша екендігін атап, осы сапардың өзі екі бауырлас елдің арасындағы ерекше қарым-қатынасты қуаттай түсетіндігін тілге тиек етті.

Өз кезегінде, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Қазақстан мен Корольдік арасындағы әр түрлі: мәдени және діни салалардағы ынтымақтастыққа алғысын білдіріп, осы қатынастардың бүгінде нығайып, дами түскендігін атады. Сонымен қатар, Әл-Шейхті Қазақстанда өтетін «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне» қатысуға шақырды.

Бірқатар маңызды мәселелер бойынша пікір алмасқан тараптар кездесу соңында өзара естелік-сыйлақтармен алмасты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды