“Меломен” тобы Жан Ахмадиевке атышулы Байзақованы да сабауға кеңес берді

Stan.kz
“Меломендіктер” рэперге қамшымен бірге ат мінгізуге уәде берді.

“Меломен” тобы “жезөкшелерді” қамшымен сабаған рэпер Жан Ахмадиевке қолдау білдірді. Тіпті, оның жаңа бастамасына сәттілік тілеп, алдағы уақытта атышулы Айжан Байзақова мен Ninety one тобын қамшымен сабауға кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл сөзге құлақ асқан жағдайда, Ахмадиевті үлкен сый күтіп тұр. “Меломендіктер” рэперге қамшымен бірге ат мінгізуге уәде берді.

“Ал Жандос (zhan_ahmadiev) бауырым саған жігіттер қамшы сыйлап жатса, жезөкшелер мен Байзакова сияқты ақымақтарды сабайтын болсаң, біз саған қамшымен бірге қосып мына атты сыйлаймыз! Атқа мін де қолына қамшыңды алып, Алматыны арсыздардан тазала! Жолда Ninety one-ды да сабауды ұмытпа!” – дейді топ жігіттері.

Бұл орайда Ахмадиев өзіне қолдау көрсеткен “Меломен” тобына деген ризашылығын білдірді.

“Меломен” тобының жігіттеріне алғысым шексіз. Қолдауларыңызға рахмет!” – деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды