Астанада "Жеңіс лентасы" мен төсбелгілер тегін таратылады

qazradio.fm
Жеңіс лентасы ұзындығы 30 см жібек матадан жасалған, ені 3 см аспан түстес және ортасына ұлттық нақыштағы алтын түсті ою-өрнек жүргізілген.

6-9 мамыр аралығында Жеңіс күні қарсаңында «Жеңіс лентасы» атты патриоттық акция шеңберінде «Бәйтерек» монументінің алаңында, Студенттер саябағында және де «Хан шатыр» ОСО алдында сағат 10:00-ден 18:00 дейін «Жеңіс лентасы» мен төсбелгілер таратылады, деп хабарлайды Zakon.kz Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Елорда тұрғындары мен қонақтарының тілегін ескерген Астана қаласының әкімдігі 5 мамыр күні (сағат 10:00-нан 18:00 дейін) «Бәйтерек» монументі алаңында жеңіс лентасын тарататын орынды ашады.

Жеңіс лентасы ұзындығы 30 см жібек матадан жасалған, ені 3 см аспан түстес және ортасына ұлттық нақыштағы алтын түсті ою-өрнек жүргізілген. Лентаның ұшына Отан соғысының Ордені (деңгейі көрсетілмеген) бейнеленген, ол халқымыздың Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткен ерлігі мен жаужүрек батыр екендігін білдіреді.

Лента «9 Мамыр – Жеңіс күні. 1941-1945 жылдар» атты жазуы бар төсбелгімен бекітіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды