ОҚО-да үш айда 26 жасөспірім өз-өзіне қол салған

ҚазАқпарат
Орын алған 26 жағдайдың 12-сінде жасөспірімдер қайтыс болды.

Оңтүстік Қазақстан облысында жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау оқиғаларына қатысты 26 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Бас прокуратурасы Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Ерлан Абаев хабарлады.

Ерлан Абаевтың мәліметінше, оңтүстік өңірінде жыл басынан бергі үш айда кәмелетке толмағандар арасында 26 суицид оқиғасы тіркелген.

«Орын алған 26 жағдайдың 12-сінде жасөспірімдер қайтыс болды. Әр оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-ші бөлігі (кәмелетке толмағанды өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Олардың ішінде 1 іс сотқа жолданса, 5-еуі қаралу сатысында. 19 іс қылмыс белгілері болмауына байланысты тоқтатылды», - деді ҚР Бас прокуратурасы Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы.

Сондай-ақ, Бас прокуратураның мәліметінше, Шымкенттің іргесіндегі Қайнарбұлақ саяжайындағы 16 жасар жасөспірімнің суициді бойынша қаралған қылмыстық іс сотқа жолданған. Ал, 16 сәуірде 15 жасар жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, қаралуда. Өзге мәліметтер тергеу құпиялығына байланысты айтылмайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды