Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Сурет: zakon.kz
Республиканың кей жерінде жел күшейіп, тұман, шаңды дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал.

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр жауады, ал оңтүстік-шығыста және оңтүстік-батыста жауын-шашын болмауы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде түнде және таңертең тұман, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде шаңды дауыл соғып, жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерінде тұман болып, желдің жылдамдығы15-20 м/с жетуі ықтимал.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының, түнде Атырау облысының, күндіз Жамбыл, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды