Жеті өзбек ардагері Мәскеудегі шеруден соң қателесіп Сочиге кетіп қалған

Сурет: zakon.kz
Сочи билігі ардагерлерді Кисловодскқа аттандырған.

Өзбек ардагерлері Жеңіс күніне арналған шеруге қатысып болған соң, Мәскеуден қайтып келе жатқанда адасып кетті. Жеті майдангер Кисловодсктағы санаториялық емдеу мекемесіне барулары керек болған, бірақ қателесіп кетіп Сочиден бір-ақ шыққан, деп хабарлайды Today.kz.

Бәрі Кисловодскқа билет алудан басталған: Өзбекстан делегациясы бағыттан шатасып, мүлдем басқа қалаға тап болған. Сочиге ардагерлермен бірге туысқандары мен дәрігерлер де барған.

Қала әкімшілігі бұл жағдайды білген соң оларды қуана қарсы алып, жатын орын ұсынып, Сочиді аралатқан.

Сочи билігі ардагерлерді Кисловодскқа аттандырған.

"Сочиде бірнеше рет болғам, шипажайында емделдім. Қазір қаланың қалай жақсарып кеткенін көріп тұрмын. Ұлы Отан соғысының қатысушылары атынан қонақжайлықтарыңызға мың алғыс", – деді өзбек ардагерлерінің бірі Бекқұла Хамзаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды