Бітіру кешінде мұғалімдерге не сыйлауға болады: Білім беру басқармасы жауап берді

Сурет: zakon.kz
Ата-аналардан ең жақсы сыйлық ол – ұстазға деген алғыс.

Астананың білім беру басқармасы жыл сайын мектеп ұжымына естелік сыйлық беретін бітіруші түлектердің ата-аналарына мұғалім үшін қандай сыйлықтың жақсы екенін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жыл сайын дәстүр бойынша мектеп бітіру кезінде бітіруші түлектердің атынан мектеп директоры мен ұстаздарына естелік сыйлықтары беріліп келді.

«Біз әр жиналыс сайын меңгерушілердің өздеріне де және олардың қызметкерлеріне де ата-аналардан бағалы сыйлық алмауы керектігін түсіндіреміз. Олар тек гүлмен шектелсе сол жеткілікті. Ата-аналардан ең жақсы сыйлық ол – ұстазға деген алғыс», – деді білім беру басқармасында.

Сондай-ақ, осы уақытқа дейін бітіруші түлектердің мектеп ұжымына берген сыйлықтарының бірде-бірі арнайы мемлекеттік қорға табысталмаған екен.

«Мектептер мен балабақшалар бойынша ата-аналарға ешқандай сыйлыққа ақша жинаудың қажеті жоқ екенін айтамыз», – деді Астананың Білім басқармасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды