Ақтөбелік жастар тарауих намазынан шыққан жамағатқа сыйлық жасады

Сурет: zakon.kz
Жалпы саны жүзге жуық жамағатты жиырмадан аса көлік үйлеріне дейін ақысыз апарды.

Қаладағы «Жүректен жүрекке» еріктілер тобы тарауих намазына келген ақтөбеліктерді тегін жеткізіп, «Қайырымды такси» акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Нұр-Ғасыр» мешітіне құлшылыққа келген тұрғындарға ақысыз такси қызметі ұйымдастырылып, қаланың әр шетіндегі мекен-жайларына жеткізіп тастады.

«Ораза айының алғашқы күні бірінші тарауих намазына келген жамағатқа сыйлық ретінде ұйымдастырғымыз келді. Өйткені, алыс жерден келіп қатысатын жандар болады. Түнде қайту қиын болған соң өзіміз ақылдасып қолға алдық. Кеңшілік айында жақсылықты көп жасауымыз керек», — дейді «Жүректен жүрекке» еріктілер тобының мүшесі Дулат Пірман.

Жалпы саны жүзге жуық жамағатты жиырмадан аса көлік үйлеріне дейін ақысыз апарды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды