ШҚО-дағы сауда орталықтарында өрт қауіпсіздігі сақталмаған

Хабар 24
Жалпы облыстағы 97 сауда нысаны өрт қауіпсіздігі қызметінің бақылауында тұр.

Шығыс Қазақстанда мыңдаған сауда орталығы мен білім беру ошақтарында өрт қауіпсіздігі шаралары сақталмаған, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы Төтенше жағдай департаменті мамандары жүргізген арнайы рейд барысында белгілі болды. Ал тәртіпке бағынбағандарға 1 млн теңгеден аса айыппұл салынды. Жалпы облыстағы 97 сауда нысаны өрт қауіпсіздігі қызметінің бақылауында тұр.

– Негізінен эвакуациялау жолдарын бөгеу сияқты олқылықтар кездеседі. Сауда жабдықтарын дұрыс орнатпау салдары өртке себеп болуы мүмкін. Эвакуациялық есіктерді жауып тастайтындары бар. Жасалған ескертулерден қорытынды шығарып жатқандар бар, - дейді облыстық ТЖД басқарма басшысының орынбасары Ринат Қондыбаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды