Барак Обама енді продюсер болады

Хабар 24
Осыған дейін New York Times экс президенттің осы мәселеге байланысты келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын.

АҚШ-тың экс президенті Барак Обама мен оның жұбайы Мишель түрлі форматтағы сериалдар мен телевизиялық бағдарламаларға продюсерлік етеді, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл жайында Американың Netflix компаниясы өз Twitter парақшасында жариялады. Осыған дейін New York Times экс президенттің осы мәселеге байланысты келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын. Netflix – Рид Хастингс пен Марк Рэндольф негізін қалаған америкалық ойын-сауық компаниясы. Бастапқыда фильмдер мен сериалдарды мультимедиа ағымына сай қоюшы компания ретінде құрылды. Ал 2013 жылдан бері өздерінің фильмдерін, сериалдары мен телебағдарламаларын шығара бастады.

Қазіргі таңда бүкіл әлем бойынша 125 миллионнан астам көрермен Netflix өнімдерін тамашалау үшін ресми тіркелген. Американың бұрынғы президенттері халықпен тығыз байланысты кітап жазып, жұрт алдында түрлі тақырыпта әңгіме өрбітіп немесе қайырымдылық жасау арқылы орнатқан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды