Алматы облысында жолаушылар автобусы өртеніп кетті

zakon.kz
Автобуста 8 адам болған.

Алматы облысы, Чапаев ауылының маңында автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

"22 мамыр күні сағат 21:49-да "Алматы-Астана" тас жолының 56 шақырымында, Чапаев ауылының маңында, Жезказган-Алматы бағытындағы «VANHOOL» маркалы автобус өртеніп кетті. Өрт 22:24-те ауыздықталып, 23:10-да жойылды", - делінген хабарламада.

Автобуста 8 адам болған, олар өз күштерімен сыртқа шыққан. Зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнына Алматы облысы өрт сөндіру қызметінің үш қызметкері мен мамандандырылған өрт сөндіру техникасы жіберілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды