Алматыда зергерлік бұйымдар контрабандасының жолы кесілді

Baq.kz
Қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Алматы қаласы халықаралық әуежайында 103 миллион теңгенің зергерлік алтын бұйымын контрабандалық жолмен алып өтпекші болған қылмыстық топ құрықталды. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында мүшелері өз қызметтік жағдайын пайдалана отырып, Түркиядан зергерлік бұйымдар контрабандасын жүзеге асырған ұйымдасқан топтың қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде олардан 103 миллион теңге сомасына салмағы 13 кг артық зергерлік бұйым алынды.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 234-бабы 3-б. 1-т. бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды