Сейсенбі күнге арналған ауа райы болжамы

baribar.kz
Кей жерде тұман, шаңды дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Бүгін атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, шығыста жауын-шашын, найзағай, дауыл болады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек оңтүстікте және оңтүстік-батыста жауын-шашын болмайды. Кей жерде тұман, шаңды дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда облысының кей жерінде таңертең және күндіз шаңды дауыл, желдің күшеюі 15-23 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман, дауыл, бұршақ болуы мүмкін, түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Ақмола, Ақтөбе облыстарының, таңертең және күндіз Қарағанды және Павлодар облыстарының кей жерінде жел күшейіп, бұршақ болуы мүмкін, Ақмола облысының кей жерінде дауыл болады.

Түнде Алматы және Жамбыл облысының кей жерінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с соғады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды