Венчурлік қаржыландыру туралы заң жобасы Елбасының тапсырмасын орындауға бағытталған

parlam.kz
Заң жобасының басты мақсаты - венчурлық қаржыландыру саласында қоғамдық қарым-қатынасты құқықтық реттеуді жетілдіру, венчурлық жеке нарыққа қолдау көрсету.

Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тәуекелдік (венчурлік) қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz Парламент Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осы ретте Мәжіліс Төрағасы Елбасының тапсырмасымен тәуекелдік (венчурлік) қаржыландыруды дамытудың заңнамалық негізі жасалғанын алға тарта келіп:

-Бүгін біз еліміздің экономикалық дамуы үшін маңызды заң жобасын мақұлдадық. Осы заң жобасын қабылдау – ол Үкіметке - венчурлік қаржыландыру бойынша тиісті жұмыстарды жасау үшін жол ашатын болады. Оның барлығы еліміздің инновациялық дамуына жаңа серпін беретіні сөзсіз, - деді.

Заң жобасының басты мақсаты - венчурлық қаржыландыру саласында қоғамдық қарым-қатынасты құқықтық реттеуді жетілдіру, венчурлық жеке нарыққа қолдау көрсету. Сонымен бірге, венчурлық қаржыландыруды дамыту үшін құқықтық базаны құру, инновациялық саланы мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру, венчурлық қаржыландыруды жүзеге асыруда қазақстандық жаңа келісімді құрылымдарды енгізу арқылы жеке капиталға жайлы жағдай жасау.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды