Елбасы Қазақстанның Грузиядағы елшісін тағайындады

ҚазАқпарат
Жаңа елші Бауыржан Мұхаметжанов болды.

ҚР Президентінің ресми сайтында Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшісін тағайындау жөнінде Жарлығы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елбасының Жарлығымен Бауыржан Мұхаметжанов Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Хабарламада айтылғандай, Бауыржан Мұхаметжанов Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Бауыржан Мұхаметжанов 26.11.1960 жылы дүниеге келген. 1983 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Заң ғылымдарының докторы (2008).

1997 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасының әділет министрі, 2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі, 22 желтоқсан 2011-20 қаңтар 2013 жылдары Маңғыстау облысының әкімі қызметін атқарған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды