Елбасының қатысуымен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің отырысы басталды

tengrinews.kz
Отырыс елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатыр.

Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырыс елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатыр. Шара барысында «Нұр Отан» партиясын жүйелі түрде жаңғырту бойынша жұмыс барысы талқыланады. Сонымен қатар, Қазақстан Президентінің Бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру бағытында қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мәселелері қаралмақ. Жиынға Парламент депутаттары, Үкімет және жергілікті атқарушы органдардың мүшелері қатысуда.

«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің отырысы тек Мемлекет басшысы-партия Төрағасының немесе Саяси бюроның шақыртуымен жылына бір рет ұйымдастырылады. 2017 жылы 3 қарашада өткен жиында Мемлекет басшысы партияны жүйелі түрде жаңғырту мәселелесін алдыңғы қатарға қойған еді.

Еске сала кетсек, өткен жылдың желтоқсанында Саяси кеңес бюросының қаулысымен партияны жаңғыртудың нақты жоспары бекітілген болатын. Онда жеті бағыт бойынша шараларды іске асыру, атап айтқанда, партиялық кадрлармен жұмысты күшейту, жергілікті өкілдік органдарында партияның рөлін арттыру, оның жалпыұлттық күн тәртібін құруда белсенді түрде араласуын қамту, партиялық технологияларды жетілдіру, жастармен белсенді жұмыс жүргізу, аналитикалық әлеуетті өсіру мен партиялық білім сапасын арттыру қарастырылған еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды