Жұқпалы аурулар ауруханасының сыртындағы кезекке байланысты Алматы дәрігерлері пікір білдірді

almaty_news
Науқастардың көптігіне байланысты мамандар жетіспейді.

Кеше кешке Instagram әлеуметтік желісіндегі almaty_news парақшасында жазба жарияланды. Ол жерде әйел адам ересектерге арналған жұқпалы аурулар ауруханасының сыртындағы кезекке байланысты өз наразылығын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоғары дене қызуымен ауруханаға келген науқастар бірнеше сағат далада тұрған. Әйелдің айтуынша, оларды бір ғана дәрігер қабылдаған.

"Кеше кешке күн суық болды, дене қызуы көтерілген науқастардың ауруы асқынып кетуі мүмкін еді... Бұл сұмдық жағдай...", - деп жазды әйел адам өз жазбасында.

Бүгін Алматыда өткен менингиттке қатысты брифингте осы жағдайға байланысты пікір білдірді.

"Науқастардың көптігіне байланысты мамандар жетіспейді. Балалар жұқпалы аурулар ауруханасында біз 10 қабылдау орнын аштық. Сондай-ақ, ересектерге арналған жұқпалы аурулар ауруханасындағы мамандар санын да көбейтеміз. Қазіргі кезде ауруханаларда кезек жоқ, шұғыл түрде түскен науқастар үшін орын саны да жеткілікті", - деді Алматы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов.

Тақырыпқа қатысты жаңалықтарды мына сілтемеден өтіп оқыңыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды