Алматы облысында менингитке шалдыққан екі науқас аурудан айығып кетті

Емдеуші дәрігердің мәліметінше, науқастар хаттамаға сәйкес барлық қажетті көмекті алған.

Фото: mz.gov.kz6 Маусым 2018, , 10:14

Есік аудандық ауруханасында менингитпен ауырған екі адам сауығып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше, 5 маусымда, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы облысының Есік қаласының аудандық ауруханасында болды. Аурухананы тексеру барысында, министр қабылдау бөлімінің, фильтр бөлмесі мен жұқпалы аурулар бөлімінің жұмысымен танысты, сондай-ақ министр менингитпен ауырған науқастардың жағдайын жеке өзі тексерді.

Емдеуші дәрігердің мәліметінше, науқастар хаттамаға сәйкес барлық қажетті көмекті алған. Қазіргі кезде науқастардың жағдайы жақсарған.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ