Парақор туралы ақпарат берген адамға 240 мың теңге сыйақы беріледі

sn.kz
Алик Шпекбаев - Бірде бір өтініштің қараусыз қалмайтындығына кепілдік беремін.

Бұдан былай Қазақстанда жемқорлық туралы және парақорлар туралы ақпарат берген адамға 240 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев өзінің Facebook-парақшасына жазды, деп хабарлайды sn.kz.

"Достар, егер де сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары, яғни параны қорқытып алу немесе ұсыну, бюджет қаражатын ұрлау жоспары, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану жағдайларының куәгері болып жатсаңыздар, тез арада Агенттікке хабарласыңыздар. Біздің call-центріміздің нөмірі 1424. Тәулік бойы жұмыс жасайды. Менің жеке поштам alik.shpekbaev@gmail.com", - деп жазды агенттік төрағасы.

Ол бірде-бір арыз қараусыз қалмайтынын да атап өтті.

"Бірде бір өтініштің қараусыз қалмайтындығына кепілдік беремін. Ақпаратпен бөліскен азаматтар құпиялылық және құқықтық қорғаумен қамтамасыз етіледі. Ақпарат расталған және сотта айыптау үкімі болған жағдайда, өтініш иесі 240 мың теңгеге дейін ақша қаражатын ала алады", - деді Алик Шпекбаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды