Семейліктер көктемгі су тасқыны кесірінен жағажайсыз қалуы мүмкін

Хабар 24
Былтыр Түйемойнақ аралында салынған нысанның бүгінде ізі де қалмаған.

Семейде шомылу маусымы басталғанмен, тұрғындар жағажайсыз қалатын түрі бар, деп хабарлайды Хабар 24.

Былтыр Түйемойнақ аралында салынған нысанның бүгінде ізі де қалмаған. Ыңғайсыз жерге орналасқандықтан демалыс орны көктемгі су тасқыны кезінде қатты ағынға шыдас бермей шайылып кетті. Қала басшылығы бұл мәселенің оң шешімі биыл табатынын айтып, елді сендіруде. Енді жаңа жағажай Ертіс өзенінің сол жағалауынан салынады. Былтыр біраз дүние суға ағып еді. Онда 100 автокөлікке автотұрақ, құтқарушылар бекеті де қарастырылған.

- Суға кету оқиғаларының көбі тап осы жабдықталған жағажайдың болмауымен тікелей байланысты. Бірнеше жылдан бері жөні түзу жер табылмай келеді. Биыл жергілікті әкімдік қаржы бөліп, бұрын қалқымалы көпір болған жерден арнайы орын ашылмақшы, - деді қалалық ТЖБ бас маманы Марат Даулетин.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды