Жамбыл облысында колония басшысының орынбасары сотталушыдан пара алғаны үшін ұсталды

видеодан алынған кадр
Күдікті кінәсін толық мойындады.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД-нің ЖД-158/5 мекеме бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары сотталушыдан пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде өткен брифингте Агенттіктің ресми өкілі Нұрлан Жахин мәлімдеді.

"Ағымдағы жылы 12 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті сотталушыдан 2 млн. теңге сомасында пара алды деген күдікпен Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД-нің ЖД-158/5 мекеме бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары Диханбаев ұсталды. Ақша қаражаты осы мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталушының қамауда ұстау жағдайын жеңілдету және жалпы қамқорлық көрсетуі үшін алынған", - деді Жахин.

Кінәсін толық мойындауына байланысты, ол қамауға алынған жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды