Алматыда жолаушылар автобусы өздігінен жүріп кетіп, қоршауға соғылды

zakon.kz
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Алматыда жүргізушісі жоқ автобус жеке тұрғын үйдің қоршауын бұзып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Горный гигант шағын ауданындағы Жамақаев көшесінде орын алды.

Үй иесінің айтуынша, 70 бағыттағы жолаушылар автобусы соңғы аялдамаға келіп, бұрылып, көліктен шығып кеткен. Қол тежегішке қоюды ұмытып кеткен. Төбешікте тұрған жолаушылар автобусы сырғанап кеткен. Алдындағы жолды қиып өтіп, қарама-қарсы бағыттағы көлікке соғылмай, автобус тротуарға шығып кетіп, жеке тұрғын үйдің қоршауына соққан.

Абырой болғанда, тротуарда да, үйдің ауласында да адам болмаған. Оқиға барысында зардап шеккендер жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды