Жамбыл облысында өрт салдарынан ер адам қаза тапты

ҚазАқпарат
Оқиға орнына құтқару қызметінің алты қызметкері келген, үш техника тартылды.

Кеше өңірде бірнеше жерде өрт шығып, соның бірі қайғылы оқиғамен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«14 маусымда Қордай ауданы Отар ауылында жеке үйдің шатырынан өрт шыққан. Өрт бір сағаттың ішінде ауыздықталды. Жедел жәрдем келгенге дейін 43 жастағы ер адам қаза тапқан. Бастапқы болжам бойынша жалын отты абайсыз қолданудан шыққан», - деп хабарлады ТЖД-да.

Оқиға орнына құтқару қызметінің алты қызметкері келген, үш техника тартылды. Бұдан бөлек, Жуалы, Байзақ аудандарында және Тараз қаласында шөп қора мен автокөлік жанып кеткен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды