Қазақстанның екі облысында дабылды ескерту жарияланды

zhambylnews.kz
Қостанай облысының кей жерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Қазақстанның екі өңірінде жаңбыр, найзағай және бұршақ болуына байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 19 маусымда Қостанай облысының кей жерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %

Ал, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 19 маусымда кей жерінде жаңбыр, найзағай, дауыл (кенеттен соққан), бұршақ болады деп күтілуде. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып 17-22 м/с, күндіз кей жерде екпіні 23-28 м/с болады.

Сонымен қатар, Өскемен қаласында күндіз 19 маусымда жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып 17-22 м/с құрайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды