Шымкент зообағында ішінде қомақты қаржысы бар сейф ұрланды

ҚазАқпарат
Тергеу шараларын жүргізуге тәжірибелі полиция қызметкерлері тартылып отыр.

Бүгін түнде Шымкенттегі зообақт сейф ұрланды. Күдіктілер ақша толы сейфтен шамамен 4,2 млн теңгені қолды еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыс түнгі сағат үштер шамасында болған.

«Күдіктілер зообақтан сейфті ұрлап кеткен. Қазір осы ұрлықққа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Тергеу шараларын жүргізуге тәжірибелі полиция қызметкерлері тартылып отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды