Елімізде алдағы күндері ауа температурасы төмендейді

interfax.by
Оңтүстік облыстарда жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.

Қазақстанда 21-23 маусым күндері ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы үш күнде Қазақстанда ауа температурасы төмендейді.

Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік аудандары және Батыс Сібір арқылы атлантикалық циклондардың жылжып келуіне байланысты республиканың солтүстік жартысында жауын-шашынды салқын ауа райы күтіледі. Оңтүстік облыстарда жоғары атмосфералық қысымға байланысты жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.

Алдағы үш күнде атмосфералық процестер алмасып, Қазақстанға Батыс Сібірдің солтүстік аудандарынан салқын әрі ылғалды ауа ағыны келеді.

Сондықтан республиканың солтүстік облыстарында ауа температурасы төмендейді, күн күркіреп, жаңбыр жауады. Сондай-ақ солтүстік-батыстан күшті жел соғады.

Республиканың оңтүстік облыстарындағы аптап ыстық 23 маусымға қарай басылып, ауа температурасы 33-38 градустан 28-35 градусқа дейін төмендейді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды