Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

ukranews.com
Қазақстанның солтүстік аймақтарының кейбір жерлерінде жаңбыр жауып, жел соғады және тұман түсуі мүмкін.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанның солтүстік аймақтарының кейбір жерлерінде жаңбыр жауып, жел соғады және тұман түсуі мүмкін.

Астанада ауа райы ашық болып, күндіз ауа температурасы 30 градусқа дейін жылынса, түнде 13 градус жылы болады.

Алматыда күндіз аспан ашық болғанмен, түнде жауын жаууы мүмкін.

Ақмола облысының кейбір жерлерінде бұршақ жауып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болуы ықтимал. Қостанай облысында да жел соғып, түнде жауын жауады.

Батыс Қазақстан мен Павлодар, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел күшеюі мүмкін. Ал Шығыс Қазақстан аумағының кей бөлігіне бұршақ жауады.

Атырау мен Жамбыл облыстарында күн қатты ысиды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды