Сағынтаев Түркістан облысы мен Шымкент қаласының әкімдерін жаңа қызметтерімен құттықтады

mail.kz
Премьер Түймебаев пен Әбдірахымовтың жұмыстарына сәттілік тіледі.

ҚР Үкімет отырысының күн тәртібіне дейін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Түркістан облысы мен Шымкент қаласының жаңа әкімдерін құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының жарлығымен Түркістан облысы құрылды, орталығы Түркістан қаласы, сондай-ақ, Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілді», - деді ол.

Министрлер кабинеті басшысының айтуынша, Мемлекет басшысының Жарлығымен: Жансейіт Түймебаев - Түркістан облысының әкімі, Ғабидолла Әбдірахымов - Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды.

«Құттықтаймыз, сіздердің алдыларыңызда үлкен жұмыс тұр. Сондықтан алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз», - деді Б.Сағынтаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды