Мен қатты қуандым - Шымкент әкімі тағайындау туралы

abctv.kz
Қала тұрғындары қала мәртебесінің жоғарылағанынан өмір сүру деңгейінің де өсуін күтеді, қала тұрғындары соны сезіну үшін біз бар күшімізді саламыз - Әбдірахымов.

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов тағайындау туралы өз ойын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жақында Шымкент қаласы бөлек болады деп Президенттің айтқаны, ол бұл жайлы бұған дейін, бірнеше жыл бұрын айтқан. Шымкенттің мегаполис болатынын. Менің тағайындалуым... Әрине, бұл мен үшін күтпеген жағдай. Шешімді Мемлекет басшысы қабылдайды. Бұл шешімге қатты қуандым. Бар күшімізді саламыз", - деді Шымкент әкімі.

Оның айтуынша, оларды қалада мемлекеттік басқару құрылымын қалыптастыру жұмыстары күтіп тұр.

«Барлық бөлімшелер департаментке айналып, әкімдіктің жұмысын қалыптастыру керек. Біз Түркістан облысымен бірігіп жылжымайтын мүлікті беру бюджетін бөлуге қатысты барлық мәселені шешуге тиіспіз. Бастапқы кезде осыны істеуіміз керек. Әрине, қала тұрғындары қала мәртебесінің жоғарылағанынан өмір сүру деңгейінің де өсуін күтеді, қала тұрғындары соны сезіну үшін біз бар күшімізді саламыз. Халықтың табысы, жұмыс орындары, абаттандыру, білім беру, мәдениет", - деді Әбдірахымов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды