Алматыда көлікке ағаш құлап, екі адам мерт болды

zakon.kz
Ағаштың ауыр діңгегі көліктің төбесін жұлып түсіп, жүргізуші мен жолаушыны басып қалды.

Құлжа тас жолында төтенше жағдай орын алды, салдарынан екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оқиға «әуежай» айналымы мен мен «Красный поле» арасында болды. Nissan Primera көлігі қалаға қарай бағыт алған, көліктің үстіне ескі құрғақ ағаш құлап түскен.

Ағаштың ауыр діңгегі көліктің төбесін жұлып түсіп, жүргізуші мен жолаушыны басып қалды. Екеуі де оқиға орнында көз жұмды. Көлік серпінмен 200 метрдей жүріп өтіп, жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылған.

Оқиға орнында полицейлер мен басқа да жедел қызмет көрсету өкілдері жұмыс істеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды