Бүгін еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болады

egemen.kz
Тек елдің батысында ғана күн ашық болады.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Кей жерде найзағай ойнап, жауын жауса, бірқатар аймақтарда жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Тек елдің батысында ғана күн ашық болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының бірқатар аймақтарында жел тұрып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Күндіз жел тұрып, бұршақ жаууы ды ықтимал, түнде тұман түседі.

Алматы, Ақтөбе, күндіз Қостанай, Қызылорда облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-23 метрге жетеді. Қостанай облысында түнде тұман түседі.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Бұршақ жаууы да мүмкін. Қарағанды облысында түнде және таң ата тұман түседі.

Күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында аптап ыстық болады. Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде өте қатты ыстық болады. Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, облыстары мен Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарының бірқатар аймақтарында өрт қауіпі сақталады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды