Жапонияда нөсер салдарынан құрбан болғандар саны 204 адамға жетті

ҚазАқпарат
Елдің кейбір аудандарында бірнеше күнгі жауын-шашын мөлшері 1000 мм-ден асып кетті.

Толассыз жауған жаңбыр мен су тасқыны, лай көшкіні салдарынан Жапонияда қаза тапқандар саны 204 адамға жетті. Бұл туралы жұма күні елдің бас полиция басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Kyodo агенттігінің дерегі бойынша, 60-тан астам адам із-түзсіз жоғалған және байланысқа шықпаған. Жергілікті жедел қызмет полициясы елдің өзін-өзі қорғау күштері сарбаздарының қолдауымен іздеу және құтқару операцияларын жүргізіп жатыр.

Өткен аптаның ортасында Жапонияға төнген «Прапирун» дауылы алапат нөсерді қоса әкелген болатын. Елдің кейбір аудандарында бірнеше күнгі жауын-шашын мөлшері 1000 мм-ден асып кетті. Мұншалықты алапат нөсер 1953 жылдан бері байқалмаған болатын. Ол кезде Жапонияның батысындағы Кюсю аралында 759 адам қаза тауып, 450 мыңнан астам адам баспанасыз қалған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды