Қазақстанда баласы бар қызметкерлерге жұмысқа кеш келуге рұқсат етіледі

ult.kz
Баласы бар мемлекеттік қызметкерлер үшін жұмыс таңғы 09:30-да басталады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев икемді жұмыс кестесі кімдер үшін енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Агенттік қазір икемді жұмыс кестесін сынақтап өткізіп жатыр.

"Күн сайын балабақша мен мектепке баласын апаратын қызметкерлер үшін жұмыс уақыты таңғы 9.30-да басталады. Сондай-ақ қызметкерлердің үштен екісі түскі үзіліс уақытын ұзарту қажеттігін айтты. Олар үшін жұмыс уақыты жарты сағатқа кеш аяқталады. Яғни сағат 19.00-де", — деді Шпекбаев бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы туралы кеңейтілген алқа отырысында.

Айтуынша, егер жоба сәтті жүзеге асып, оң нәтиже берсе, онда жаңа жұмыс кестесі басқа да мемлекеттік органдарда енгізіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды