Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

today.kz
Республиканың оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Республиканың оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жекелеген өңірде тұман түсіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз Ақмола, Қарағанды облыстарында бұршақ болуы мүмкін.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысында оған күндіз шаңды дауыл араласады.

Сондай-ақ Ақтөбе, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерінде қатты ыстық болады.

Бұдан басқа, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды