Айыптаушы тарап Риддердегі жол апатына себепкердің жазасын күшейтуді талап етті

ҚазАқпарат
Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев 19 жастағы Евгений Смольниковты қағып, жігіт алған жарақатынан көз жұмған болатын.

Айыптаушы тарап мас күйінде көлік айдап, 19 жастағы жігітті мерт еткен Риддер қаласы әкімінің экс-орынбасары Бауыржан Құрманбаевтың жазасын күшейтуді талап етті. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы міндетін атқарушы Қайрат Чакпантаевтың айтуынша, облыстық сот алқасына апелляциялық шағым келіп түскен.

«Жәбірленуші келген шығынның өтелгенін айтып, қылмыстық істің тоқтатылуын сұраса да, айыптаушылар жазаны ұзартуды талап етіп отыр», - дейді Қайрат Чакпантаев.

Еске сала кетейік, 15 сәуір күні Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев 19 жастағы Евгений Смольниковты қағып, жігіт алған жарақатынан көз жұмған болатын. Кейін онымен бірге көлік ішінде Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаевтың болғаны және экс-орынбасардың рөлге мас күйінде отырғаны белгілі болды.

Сот шешімімен Б. Құрманбаев 1 жылға бас бостандығынан айырылып, 5 жылға көлік жүргізу құқығынан шеттетілген еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды