Денис Тенге арналған «Біздің Денис» кітабының электронды нұсқасы шықты

Хабар 24
Еңбекті Ұлттық академиялық кітапхананың қызметкерлері әзірлеп, Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтына орналастырды.

Осыдан 1 апта бұрын қарақшылар қолынан қаза тапқан қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арналған «Біздің Денис» кітабының электронды нұсқасы шықты, деп хабарлайды Хабар 24.

Еңбекті Ұлттық академиялық кітапхананың қызметкерлері әзірлеп, Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтына орналастырды. Оқырман қауым онда қыршын кеткен отандасымыздың өміріндегі ең жарқын сәттермен таныса алады. Сондай-ақ мемлекет басшысынан бастап, халықаралық олимпиада комитеті мен әріптестерінің көңіл айту хаттарын, достары және жақындарының естеліктерін оқиды. Туындыға балалық шақтан бергі отбасылық суреттер де топтастырылған. Айта кетейік, Дениске арналған кітап бастапқыда 60 бет болып шығарылған еді. Бүгінде оның көлемі екі есе көбейтілді. Сонымен қатар ақын-жазушылардың шығармалары енгізілді.

– Денис 21 жасында Құрмет орденімен марапатталған. Ол елінің патриоты болды, - дейді ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының орынбасары Сәулеш Назырова.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды